Алматы облысындағы жануарлар панажайы төңірегінде дау туды: әкімдік не дейді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысындағы жануарлар панажайы төңірегінде дау туды: әкімдік не дейді? Бейнеден алынған кадр

Алматы облысында жануарлар панажайына қатысты дау туындады: сот шешімімен 600-ден аса құтқарылған жануар бағылып отырған жер учаскесі тәркіленіп жатыр. Олардың алдағы тағдыры әзірге белгісіз. Облыс әкімдігі жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Алматы облысында жануарлар панажайына қатысты дау туындады: сот шешімімен 600-ден аса құтқарылған жануар бағылып отырған жер учаскесі тәркіленіп жатыр. Олардың алдағы тағдыры әзірге белгісіз. Облыс әкімдігі жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жануарлар панажайы және сот шешімі

Алматы облысындағы жануарлар панажайының иесі әлеуметтік желілерде видео жариялап, онда күрделі жағдай туралы айтып берді.

"Біздің панамызда 600-ге жуық жануар бар. Қонаев соты біздің жерімізді мемлекет меншігіне алу туралы шешім шығарды. Жер менікі және жеке меншігімде. Оны бес жыл бұрын сатып алғанмын. Қазіргі уақытта жылдар бойы құтқарып келген, жанымызды, ақшамызды, уақытымыз бен күш-жігерімізді жұмсаған жүздеген жануарды бағып отырған жерімді жай ғана тартып алу туралы шешім шығып отыр", - дейді әйел көзіне жас алып.

Сондай-ақ ол жердің ешқандай өтемақысыз және баламалы шешім ұсынылмай тартып алынғанын алға тартады.

Алматы облысының әкімдігі не дейді?

Алматы облысының әкімдігі мәліметінше, қаңғыбас жануарлар панажайы орналасқан жерді алуға жергілікті тұрғындардың шағымдары себеп болған.

"Іле ауданы Қараой ауылдық округіне қарасты Н. Тілендиев атындағы ауыл тұрғындары панажайдың қызметіне қатысты әкімдікке бірнеше рет шағымданған. Өтініштерде жүйелі түрде шығатын қатты шу, сондай-ақ тұрақты сипатқа ие және санитарлық-эпидемиологиялық жағдай мен халықтың өмір сүру сапасына теріс әсерін тигізетін жағымсыз иістің таралуы көрсетілген", - деп хабарлады әкімдік.

Уәкілетті органдармен бірлесіп жүргізілген тексеруден кейін учаскенің нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтыны анықталды: ол тауарлы ауыл шаруашылығын жүргізуге арналған.

"Анықталған заңбұзушылықтарды жою мақсатында Алматы облысының жер ресурстарын басқару департаменті учаске иесіне қатысты сотқа талап арыз түсірді", - деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, әкімдік панажай иесіне елді мекеннен тыс жерден баламалы учаске беруге дайын екендігін мәлімдеді.

Жануарлардың алдағы тағдыры мен көшу мерзіміне қатысты мәселе әзірге ашық қалып отыр.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 463.15   542.27   6.19 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер