25 қараша 2015 11:56

Алматы облысының тұрғыны бір жылдан аса уақыт бойы құлдықта болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© militariorgucoz.ru © militariorgucoz.ru

Алматы облысында ауыл тұрғыны бір жылдан аса уақыт бойы құлдықта болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы облысында ауыл тұрғыны бір жылдан аса уақыт бойы құлдықта болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ІІД мәліметінше, Балпық би ауылының (Көксу ауданы) 40 жастағы тұрғыны шаруа қожалығынан қашып кеткенін және оны сол жерде біреулердің бір жыл бойы күштеп ұстағанын полицияға хабарлады.

Материал облыстық департаменттің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлеріне берілді, олар шағымданушының арызы бойынша шаруа қожалығы мен оның қожайынын анықтады, ол Талдықорғанның 27 жастағы тұрғыны болып шықты.

"Күдікті фермер ауыл тұрғынын күштеп ұстағанын жоққа шығарды және ол жалдамалы жұмысшыға еңбекақы төлегенін айтты. Оның түсіндіруі бойынша, зардап шегуші мал бағып, шаруа қожалығындағы өзге де жұмыстарды істеген", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Бұл дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети