28 қараша 2022 17:55

Алматы полициясы "Алтын Орда" маңындағы жаңа жолайрыққа рейд жүргізеді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полициясы "Алтын орда" маңындағы жаңа жолайрықта рейд жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Алматы полициясы "Алтын орда" маңындағы жаңа жолайрықта рейд жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жергілікті полиция қызметі басқармасының ақпаратына сәйкес, қазіргі кезеңде іс-шара негізінен профилактикалық сипатта болады.

"Өздеріңізге белгілі, Райымбек даңғылының бойында қаладан шығаберісте, жаңа жолайрықтың салынуына байланысты, көлік қозғалысына кезең кезеңімен реттеу жұмыстары жүргізілді. Алайда тәжірибе көрсеткендей, бұл аумақта жол қозғалысы ережелерін жүргізушілер де, жаяу жүргіншілер де бұзады. Жол қозғалысының қиындауын болдырмау, жол-көлік оқиғаларын азайту мақсатында бұл аймақта патрульдік полиция жасақтарының жұмысы күшейтілді. Тұрақты негізде инспекторлар қызмет етеді. Олардың бірінші кезектегі міндеттеріне профилактикалық, құқықтық түсіндіру шаралары, өрескел бұзу анықталған жағдайда әкімшілік шаралар қабылдау жатады", - деді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ патрульдік полиция полкінің командирі Бауыржан Хантеміров.

Әкімшілік полиция басқармасы жаңа жолайрыққа тиісті жол белгілері орнатылып қойғанын хабарлады.

"Жақын арада "Сергек" жүйесінің бейнекамералары орнатылады, оның көмегімен аумақтағы жағдайды онлайн бақылауға, қоғамдық және басқа көлік жүргізушілерінің де, жаяу жүргіншілердің де құқық бұзу деректерін тіркеуге болады. Айтпақшы, жолаушылар тасымалымен айналысатын кәсіпорындармен автобус жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауы бойынша жұмыстар жүргізілді", - деді Алматының әкімшілік полициясы өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети