Алматы полициясы көлік қозғалысының орташа жылдамдығын қалай өлшейтінін көрсетті

15 Қараша 2018, 10:03
0

Алматы полиция департаментінің өкілдері автомобильдердің жолдағы орташа жылдамдығы қалай өлшенетінін көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомствоның баспасөз қызметіндегілер орташа жылдамдықты тіркеу әдістері әңгімеленетін видео дайындаған.

"Жылдамдықты асыру - жол-көлік оқиғасының басты себебі. ДДҰ мәліметінше, қозғалыс жылдамдығын сағатына 1 шақырымға азайту ажам жарақат алатын апат санын 3 пайызға азайтады", - делінген видео сипаттамасында. 

Сондай-ақ, роликте ШААЖ - әл-Фараби бойында соңғы екі айда жүргізілген сынақ бойынша 56 мың ереже бұзу жағдайлары тіркелген, 200 миллион теңге айыппұл салынған.

Мұның алдында Алматыда орналасқан бақылау камералары енді жолдағы көлік қозғалысының орташа жылдамдығын өлшейтіні хабарланған еді. Алматы полиция өкілдерінің мәліметінше, өзгеріс 1 желтоқсаннан бастап іске қосылады. "Жол қауіпсіздігі" автоматтандырылған жүйесі орындары енді техникалық түзетулер енгізілгеннен кейін жылдамдық шегін тек посттарға жақын жерден емес, бүкіл бағыт бойымен анықтайды.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай