Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Алматы полициясы контейнерде тұратын отбасыға көмектеседі

25 Қаңтар 2015, 02:50
0
©almaty.tv
©almaty.tv
©almaty.tv
©almaty.tv

Алматы полициясы қала әкімдігімен бірге үш баласымен көлік жуатын орындағы контейнерде тұратын әйелге көмектесетін болды, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы. 

Әуезов ауданы ішкі істер басқармасының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторы Әйгерім Бейсекованың хабарлауынша, полиция кәмелетке толмаған үш бала бағып отырған 1973 жылғы Адыгезалова Галина Геннадьевнаны анықтады. "Адыгезалова автокөлік жуу орнында жұмыс істейді, ол сол жерде вагоншада тұрады. Бұл жер антисанитариялық жағдайда. Алматыда бұл азаматшаның тұрғылықты мекенжайы жоқ. Балалары оқу процесімен қамтылмаған, қандай да бір құжаттары жоқ. Адыгезалова балаларын өзі тәрбиелеп отыр. Ол қиын өмірлік жағдайға тап болған. Қазіргі уақытта бұл мәселеге Әуезов ауданының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі полициясы мен қамқоршылық органдары жұмылдырылды. Оның құжаттарын қалпына келтіруге көмек көрсетілетін болады", - деп хабарлады Бейсекова.

Полицейлердің айтуынша, 26 қаңтардан бастап, Адыгезалованың балалары Наурызбай ауданындағы №188 мектепке алынады. Жеті жастағы Алена мен 11 жастағы Надя бірінші сыныпқа, ал кенже ұл Дима дайындық сыныбына жіберіледі. Бұған қоса, әкімдік бұл отбасыға баспана ұсынатын болады. 

Алматының көлік жуу орындарының біріндегі контейнерде тұратын отбасы туралы бұған дейін хабарланған еді. Әйел маскүнемдікке шалдыққан, балалар күнұзақ қараусыз жүреді, олар мектепке бармайды, дұрыс тамақтанбайды. Галина Адыгезалова туралы журналистерге ең алғаш хабар берген ер адам балаларды арнайы мекемелерге орналастыруға жәрдем беруді сұраған болатын. 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай