10 желтоқсан 2021 16:25

Алматы полициясы "несиелік амнистия" туралы жалған ақпарат таратқан адамды іздестіріп жатыр

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полициясы Ұлттық банк "несиелік амнистия" жасайтыны туралы жалған ақпарат таратқан адамды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, дәл осы жалған ақпараттан кейін халық несиелерін кешіруді талап етіп, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ғимаратына жиналды.

Құқық қорғау органдары мәліметінше, агенттіктен халық арасында "несиелік амнистия" жасау және қарыздарды кешіру туралы жалған ақпарат тарату дерегі бойынша арыз түскен.

"Қазіргі уақытта Алматы полиция департаментінің тергеу басқармасы қасақана жалған ақпарат тарату дерегі бойынша соталды тергеуді бастады. Ол Қылмыстық Кодекстің 274-бабы 1-бөлігінде көзделген құқықбұзушылық белгілері бойынша жүргізіледі. Кінәлі адамдар жасаған әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Сонымен қатар, Алматы полициясы азаматтарды жалған хабарламаларға сенбеуге және тек ресми ақпаратты басшылыққа алуға шақырады", - деді қалалық ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети