01 ақпан 2018 09:09

Алматы прокуроры қызметінен босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғабит Миразов Ғабит Миразов

Жыл қорытындысы бойынша прокуратура органдарының бірқатар басшылары жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жыл қорытындысы бойынша прокуратура органдарының бірқатар басшылары жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2018 жылдың 26 қаңтарында өткен Бас прокуратураның кеңейтілген алқа отырысы жұмысының қорытындысы бойынша қылмыстық және азаматтық процесте, қылмыстық жазаны атқару саласында, сондай-ақ атқару өндірістерінде заңдылықты қамтамасыз етуде айтарлықтай кемшіліктер анықталды", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы анықталған бұзушылықтар Бас прокуратураның Тәртіптік комиссиясында қаралып, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен тәртіптік теріс қылығы үшін Алматы қаласы прокуроры Ғабит Миразов лауазымынан босатылған, сондай-ақ қадағалау қызметін лайықты ұйымдастырмағаны, қылмыстық процесте жүйелі бұзушылықтарға жол бергені және сотта мемлекет мүддесін тиімсіз өкілдік еткені үшін Ақтөбе облысы прокурорының орынбасары Данияр Сыздықов пен Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары Әбіл Қожахметов атқарған қызметтерінен босатылған.

Ақтөбе облысының прокуроры М.Ж. Қайыбжанов, Ақмола облысының прокуроры Т.Ғ. Тәшімбаев, Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры Б.Н. Асылов, сондай-ақ бірқатар облыс прокурорларының орынбасарлары, оның ішінде Павлодар облысы прокурорының орынбасары Б.К. Мырзакеров, Алматы облысы прокурорының орынбасары С.С. Бакиров, Қызылорда облысы прокурорының орынбасары Ж.Б. Еламанов, Атырау облысы прокурорының орынбасарлары С.Р. Шалабаев, М.А. Төлеубаев, Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары А.А. Досекенов, және Тараз қаласының прокуроры Б.С. Сейілханов пен Қарағанды облысы Қазыбек би ауданы прокуроры Д.С.Қаражаспаев әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети