06 ақпан 2024 14:08

Алматы іргесінде тағы бір автобустар зираты табылды: видео

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

"Алматыэлектротранс" ЖШС автобустар зиратына қатысты видеоға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Алматыэлектротранс" ЖШС автобустар зиратына қатысты видеоға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде пайда болған кадрларда ер адам автобустардың іс жүзінде жаңа екенін, мұны олардың нөмірлерінен тануға болатынын айтады.

"Алматыэлектротранс" компаниясы Алматыдағы ауа сапасын жақсарту мақсатында қала әкімдігі жоспар қабылдағанын, онда шаралардың бірі дизельді автобустардан газ және электрмен жүретін автобустарға көшу болып табылатынын хабарлады.

"Осыған байланысты қоғамдық көлікті экологияландыру жобасы аясында 2023 жылы Алматы әкімдігі серіктестік үшін газ отынымен 600 жаңа автобус сатып алды, бұл ретте дизельді автобустар қала айналымынан шығып, өңірлерге жіберіледі. Өңірлерге автобустарды беру рәсімі айтарлықтай уақытты алады, осыған байланысты дизельді автобустар, сондай-ақ ескі троллейбустар Алматы облысының Қайназар кентіндегі уақытша сақтау аумағына тасымалданды", - деп толықтырды "Алматыэлектротранс" ЖШС.

Қазіргі уақытта қойма аумағында 282 техника бар:

  • 2012 жылғы 75 троллейбус;
  • 2017-2018 жылғы ЛиАЗ маркалы дизельді автобустар – 133;
  • 2016 -2017 жылғы Газель маркалы дизельді автобустар – 60;
  • 2018 жылғы Паз (Вектор) маркалы дизельді автобустар – 14.

Серіктестік өкілдері есептен шығару рәсіміне және кейін аукционда сатуға дайындау мақсатында уақытша сақтау қоймасы аумағына Жетіген ауылынан да автобустар тасымалданып жатқанын қосымша атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети