Алматы стенді Сеулдегі халықаралық туристік көрмеде үздіктердің бірі болып танылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Корея Республикасының астанасы Сеулде 5-8 маусым аралығында Азиядағы ең ірі туристік көрмелердің бірі — Seoul International Tourism Fair (SITF 2025) өтті.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Корея Республикасының астанасы Сеулде 5-8 маусым аралығында Азиядағы ең ірі туристік көрмелердің бірі — Seoul International Tourism Fair (SITF 2025) өтті.

Көрмеге 800-ге жуық туристік сала өкілдері, соның ішінде ұлттық туристік агенттіктер, туроператорлар және 70 елдің қонақ үй желілері қатысты.

Алматы стенді келушілер мен сарапшылардың назарын ерекше аударды, ал көрме соңында "SITF 2025 стендінің үздік дизайны" құрметті марапатына ие болды.

Көрме қонақтары домбырашылардың өнерін, қолданбалы өнер шеберханаларын, қазақ ұлттық киімдері қойылған фото және гастрономиялық аймақтарды қамтитын бай интерактивті бағдарламаның арқасында Алматының қазақ мәдениеті мен рухының ауанын тамашалай алды.

Стендтің жеке ерекшелігі иммерсивті маркетингті қолдану болды, онда келушілер VR-көзілдірік арқылы Алматыға виртуалды саяхат жасай алады.

"SITF 2025 көрмесіне қатысу Алматыны Оңтүстік Корея мен халықаралық нарықта бірегей туристік бағыт ретінде ілгерілетудегі маңызды қадам болды. Іс-шара барысында қазақстандық және шетелдік туроператорлар арасында B2B кездесулер өткізіліп, қаламызға 21 мыңға жуық туристті тартуды көздейтін ынтымақтастық туралы 30 келісімшартқа қойылды", - деп атап өтті Алматы қаласы Туризм басқармасының талдау және стратегиялық жоспарлау бөлімінің басшысы Мақпал Әбдіқадыр.

Өз кезегінде көрме қонақтары Алматыға үлкен қызығушылық танытты.

"Біз үшін Орталық Азиядағы осы әсем қала өте қызықты туристік бағыт болып табылады. Менің ойымша, Алматы-таулардың етегіндегі бірегей қала әрі оның заманауи дамуы ұлттық рухқа өте бай екен. Бір кезде осы ару қалада боламын деп үміттенемін", - деп өз ойымен бөлісті Сеул тұрғыны Ким Джиюн.

Айта кетейік, оңтүстік кореялық туристердің Алматыға деген қызығушылығы жыл сайын артып келеді: 2024 жылы Корея Республикасынан келген туристер саны 20114 адамға дейін ұлғайды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 3,2%-ға көп.

Суреттер: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұл Алматының туристік тартымдылығын нығайту және әлемнің әр түкпірінен, соның ішінде Корея Республикасынан келетіндердің географиясын кеңейту жөніндегі маркетингтік науқанның негізгі элементтерінің бірі болып табылады.

Tengrinews
Алматы әкімдігі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Алматыда нөсер жауады
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.92  course up  603.08  course up  6.66  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer