10 маусым 2024 15:13

Алматы тауларында өрт қаупі жоғары болатыны ескертілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Алматы тауларында жоғары, IV дәрежелі өрт қаупі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы тауларында жоғары, IV дәрежелі өрт қаупі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін "Қазгидромет" ескерту жасаған болатын, метеорологтар Алматыда ауа температурасы 36 градусқа дейін көтеріледі деп болжап отыр.

"ТЖД Алматы тауларына келушілерден 10-11 маусым аралығында 35-36 градусқа дейін ыстық болатынын ескере отырып, от жақпауды немесе темекі тұқылын тастамауды және балаларды су айдындарының жанында қараусыз қалдырмауды сұрайды", - делінген хабарламада.

Алматы ТЖД өңірде өрт қауіптілігінің жоғары, IV класы жарияланғанын атап өтіп, ормандарда өрт қауіпсіздігі мен санитарлық ереже талаптарын бұзғаны үшін жеке тұлғаларға 100 АЕК, лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 250 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылғанын еске салды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 474.66   490.7   5.4 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети