Алматы тауларындағы мегакурорт: оны кім салып, қашан іске қосылатыны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы тауларындағы мегакурорт: оны кім салып, қашан іске қосылатыны белгілі болды Сурет нейрожелінің көмегімен жасалған

Almaty SuperSki жобасы дайындық кезеңінен іске асыру сатысына өтті. Алаңда құрылыс жұмыстары басталып кетті, ал тау шаңғысы курортының ашылуы 2028 жылдың желтоқсанына жоспарланған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Almaty SuperSki жобасы дайындық кезеңінен іске асыру сатысына өтті. Алаңда құрылыс жұмыстары басталып кетті, ал тау шаңғысы курортының ашылуы 2028 жылдың желтоқсанына жоспарланған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Премьер-министр Олжас Бектенов Kazakh Tourism Development Ltd. директорлар кеңесінің отырысын өткізіп, онда Алматы тау кластерін дамыту мәселелерін талқылады. Компания басшысы Ержан Еркінбаев Almaty SuperSki жобасының барысы туралы баяндады.

Отырыс қорытындысы бойынша негізгі нысандарды жобалау мен салуға қатысты бірқатар шешім қабылданды. Атап айтқанда, аспалы жолдармен, ағаш конструкциялармен және құрылысты үйлестірумен айналысатын халықаралық компаниялар анықталды.

11 аспалы жолды POMA француз компаниясы салады

Маңызды шешімдердің бірі, 11 аспалы жол құрылысына мердігерді таңдау болды. Осы мақсатта аспалы жүйелерді өндірушілер арасында ашық конкурс өткізілді. Үдерісті PGI, Hill International және DCSA халықаралық кеңесшілері қадағалады.

Жеңімпаз болып осы саладағы әлемдік көшбасшылардың бірі POMA француз компаниясы танылды. Компания 1936 жылдан бері жұмыс істейді және үкімет мәліметінше, 90 елде 8 мыңға жуық жобаны іске асырған.

Almaty SuperSki аясында аспалы жолдардың бірнеше түрін салу жоспарланған: 3S жүйесіндегі гондолалы аспалы жолдар, 10 орындық гондолалы желі және креслолы көтергіштер. Мұндай шешімдер ірі тау шаңғысы курорттарында және қалалық көлік желілерінде қолданылады.

Ағаш конструкциялар мен сәулеттік тұжырымдама

Сондай-ақ жобада заманауи ағаш конструкцияларын пайдалану қарастырылған. Олар Foster + Partners халықаралық бюросы әзірлеген сәулеттік тұжырымдаманың маңызды бөлігі.

Үкімет баспасөз қызметінің фотосы

Мұндай конструкцияларды жобалау мен өндіруге канадалық StructureCraft компаниясы тартылады. Үкімет бұл компания масивті ағаштан жасалған инженерлік шешімдерге маманданған және әлем бойынша күрделі нысандарды салуда тәжірибесі бар екенін атап өтті.

Құрылысты кім үйлестіреді?

Құрылысқа дайындық және оны іске асыру кезеңінде жобаны басқару үшін америкалық Hill International компаниясы тартылды. Ол жобалау мен құрылысты үйлестіруге, жұмыс кестесінің сақталуына және басқа да үдерістерге жауап береді.

Олжас Бектенов жобалау мерзімі мен сапасына қатаң бақылау орнатуды, сондай-ақ халықаралық қауіпсіздік стандарттары мен экологиялық жауапкершіліктің сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Үкіметтің пайымдауынша, Almaty SuperSki жобасын іске асыру Алматы тау кластерінің әлеуетін ашуға мүмкіндік береді, сонымен қатар туризмді, қызмет көрсету саласын және сабақтас салаларды дамытуға серпін береді. Алматы тұрғындары мен қала қонақтары үшін қолжетімді әрі қауіпсіз туристік инфрақұрылым құру басты басымдық ретінде аталды.

Бекітілген кестеге сәйкес, алаңда құрылыс жұмыстары басталып кетті. Almaty SuperSki тау шаңғысы курорты 2028 жылдың желтоқсанында іске қосылады деп жоспарланып отыр.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 488.81   567.94   6.67 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +20
Астана +26
Ақтау +18
Ақтөбе +15
Атырау +21
Б
Балқаш +28
Ж
Жезқазған +22
Қ
Қарағанды +27
К
Көкшетау +23
Қ
Қостанай +24
Қызылорда +27
П
Павлодар +23
Петропавл +29
С
Семей +22
Т
Талдықорған +26
Тараз +30
Түркістан +18
О
Орал +21
Ө
Өскемен +26
Ш
Шымкент +22

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер