06 тамыз 2020 10:22

Алматы тұрғындары 30 жылдан бері өмірін қатерге тігіп, жұмысқа барып жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан скрин Видеодан скрин

Алматыдағы бір аудан тұрғындары өмірін қатерге тігіп, теміржол арқылы өтуге мәжбүр. Бұл жерде бірнеше қайғылы оқиға болған, - деп хабарлайды AstanaTV телеарнасы. 


Алматыдағы бір аудан тұрғындары өмірін қатерге тігіп, теміржол арқылы өтуге мәжбүр. Бұл жерде бірнеше қайғылы оқиға болған, - деп хабарлайды AstanaTV телеарнасы. 

Телеарнаның хабарлауына қарағанда, жергілікті тұрғындар теміржол арқылы өткенде 10-40 минуттай жүріп қалады, себебі жолаушылар және жүк пойыздарының арасындағы уақыт тым қысқа. Адамдар жолдан өткенде қорқатынын айтады. Тағы бір жол бар. Бірақ ол бұл жерден бірнеше шақырым алыста орналасқан.

"Егер вокзалға көпір арқылы ана жаққа барсақ, онда алыс. Ешкім бармайды. Мен әдетте төбеден секіремін. Қауіпті, бірақ басқа амал жоқ. Өту керек, жұмысқа бару керек. Қаласаң да, қаламасаң да, жұмыс істейсің. Бұл жерге көпір салу керек. Жергілікті тұрғындар бірнеше рет Түрксіб ауданы әкімдігіне шағымданды", - деді тұрғын Григорий Суслов.

БАҚ деректеріне сүйенсек, осы жерде қаншама қайғылы жағдай болса да, 30 жыл бойы шенеушіктердің біреуі де өтінішке құлақ аспаған. 

Алматының Түрксіб ауданы Кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Берік Әлімов былай жауап берді:

"Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің қай бабы екені есімде жоқ, өтуге рұқсат етілмеген, теміржол арқылы өтуге тыйым салынған. 3 АЕК-ке дейін айыппұл", - деді ол.

Әлімовтің сөзіне қарағанда, шенеуніктер бұл жерге барып, қарауды жоспарлап отыр. Қазіргі өтпелі жол қайта жөнделіп, көпір салынуы мүмкін.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети