Алматыда 1-9 сынып оқушылары үшін сабақтар тоқтатылады

25 Қаңтар 2018, 15:09
0
Алматыда 1-9 сынып оқушылары үшін сабақтар тоқтатылады - © rostovgazeta.ru
© rostovgazeta.ru

Алматыда ұзақ уақыттан бері алғаш рет 1-9 сыныптардың оқушылары үшін сабақтар тоқтатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласының Білім басқармасына сілтеме жасап.

"2018 жылдың 26 қаңтарында ауа температурасының 25 градустан төмен болуы салдарынан Алматы қаласы мектептерінде мектепке дейінгі және 1-9 сыныптарда сабақтар тоқтатылады", - деп хабарлады Білім басқармасындағылар.

Осыған дейін Қазақстанда 45 градусқа дейін аяз болатыны хабарланған еді. 

Синоптиктердің мәліметінше, 22-26 қаңтар аралығында Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты аяз түнде -35-40 градус, 24-26 қаңтарда өте қатты аяз -45 градус, күндіз -27-32 градус, кей жерлерде -35 градус аяз болады.

22-26 қаңтар аралығында Қостанай облысында қатты аяз түнде -33-38 градус, күндіз -20-25 градус күтіледі.

Астанада 23-26 қаңтар аралығында қатты аяз түнде -35-40 градус, күндіз -27-32 градус аяз болуы мүмкін.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай