27 қыркүйек 2023 12:31

Алматыда 1 қазанда қай көшелер жабылады?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Алматы марафон Фото Алматы марафон

1 қазанда Алматыда бірнеше көше жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


1 қазанда Алматыда бірнеше көше жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

1 қазанда Орталық Азиядағы ең ауқымды жарысы — "Алматы марафоны" он екінші рет өтеді. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен 15 мыңнан астам спортшы қатысады. Сөре мен мәре Республика алаңында жоспарланған.

1 қазанда 7:00-ден 13:30-ға дейін марафон қашықтығы өтетін жерлерде жол қозғалысы ішінара жабылады. Спортшылар қашықтықты өтуіне қарай трассалар ашылатын болады.

"Марафонның сөресі мен мәресі Республика Алаңында орналасады, сондықтан Желтоқсан көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі Сәтбаев көшесінің бойындағы екі жолақ 30 қыркүйекте сағат 6:00-ден 1 қазанда сағат 18:00-ге дейін жабылады", - делінген хабарламада.

1 қазанда мына бағыттар бойынша көлік қозғалысы шектеледі:

  • Сәтбаев көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейінгі Назарбаев даңғылының бойындағы қозғалыс 7:00-ден 10:40-қа дейін толығымен жабылады. Балама жол Достық даңғылының екі бағытымен өтеді.
  • Назарбаев даңғылынан Шашкин көшесіне дейінгі Әл-Фараби даңғылының бойындағы батыс бағытындағы қозғалыс 7:00-ден 11:10-ға дейін ішінара жабылады, көшенің оңтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады. Шығыс бағытындағы балама жол Абай даңғылымен өтеді.
  • Шашкин көшесінен Саин көшесіне дейінгі Әл-Фараби даңғылы бойындағы батыс бағытындағы қозғалыс 7:00-ден 13:30-ға дейін ішінара жабылады, даңғылдың оңтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады. Шығыс бағытындағы балама жол Абай даңғылымен өтеді.
  • Әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі Саин көшесінің бойындағы солтүстік бағытындағы қозғалыс 7:00-ден 13:00-ге дейін жабылады, көшенің батыс жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады. Солтүстік бағытындағы балама жол Бауыржан Момышұлы көшесімен өтеді.
  • Саин көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі Абай даңғылының бойындағы шығыс бағытындағы қозғалыс 7:00-ден 13:30-ға дейін жабылады, даңғылдың солтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады. Шығыс бағытындағы балама жол Әл-Фараби даңғылының, Төлеби, Құрманғазы, Қабанбай батыр көшелерінің бойымен өтуі мүмкін.
  • Абай даңғылынан Сәтпаев көшесіне дейінгі Байтұрсынов көшесінің бойындағы қозғалыс 7:00-ден 14:00-ге дейін толығымен жабылады. Балама жол Байзақов көшесімен өтеді.
  • Байтұрсынов көшесінен Желтоқсан көшесіне дейінгі Сәтбаев көшесінің бойындағы шығыс бағытындағы қозғалыс 7:00-ден 13:30-ға дейін толығымен жабылады. Батыс бағытындағы балама жол Абай даңғылымен, шығыс бағытындағы балама жол Құрманғазы көшесімен өтеді.
  • Байзақов көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі Сәтбаев көшесінің бойындағы қозғалыс 7:00-ден 10:35-ке дейін толығымен жабылады. Батыс бағытындағы балама жол Абай даңғылымен, шығыс бағытындағы балама жол Құрманғазы көшесімен өтеді.
  • Әл-Фараби даңғылынан Тимирязев көшесіне дейінгі Шашкин көшесінің бойындағы қозғалыс 7:00-ден 10:35-ке дейін толығымен жабылады. Балама жол Марков көшесімен өтеді.
  • Шашкин көшесінен Байзақов көшесіне дейінгі Тимирязев көшесінің бойындағы қозғалыс 7:00-ден 10:35-ке дейін толығымен жабылады. Батыс бағытындағы балама жол Абай даңғылымен, шығыс бағытындағы балама жол Әл-Фараби даңғылымен өтеді.
  • Тимирязев көшесінен Сәтпаев көшесіне дейінгі Байзақов көшесінің бойындағы қозғалыс сағат 7:00-ден 10:35-ке дейін толығымен жабылады. Солтүстік бағытындағы балама жол Әуезов көшесімен, оңтүстік бағытындағы балама жол Манас көшесімен өтеді.

Республика Алаңына автокөлікпен жету үшін ұсынылатын бағыттар:

  • Желтоқсан көшесімен оңтүстікке қарай Сәтбаев көшесіне дейін
  • Сәтбаев көшесімен батысқа қарай Назарбаев көшесіне дейін
  • Назарбаев даңғылынан оңтүстікке қарай Сәтбаев көшесіне дейін
  • Әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағымен Нұрлы тауға дейін және Республика алаңына дейін жаяу жету
  • Абай даңғылынан батысқа қарай Желтоқсан көшесіне дейін
  • Шевченко және Құрманғазы көшелерімен Желтоқсан көшесіне дейін
  • "Абай" метро станциясына дейін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети