"Спорттық Алматы" бағдарламасының аясында осы күнге дейін мегаполисте ұйымдастырылып келген велошерудің тарихында 100-ші мерейтойлық жаппай велошеру өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
"Спорттық Алматы" бағдарламасының аясында осы күнге дейін мегаполисте ұйымдастырылып келген велошерудің тарихында 100-ші мерейтойлық жаппай велошеру өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
500-ден аса белсенді демалысты қолдаушылар 12 шақырымды бағындырған. Олар "Нұрлы Тау" бизнес орталығынан бастау алып, ҚР орталық мемлекеттік музейінде мәре сызығын кесті.
Көптеген сыйлықтар ойнатылды, басты сыйлық ретінде велосипед тігілді. Ұйымдастырушылар флешмоб әзірлеп, латынамерикалық әндерге би биледі. Велосипедтің иесі бірінші рет қатысып отырған Захир Муллаевқа бұйырды.
"Біз досымыз екеуіміз велосипедті жиі тебеміз, салауатты өмір салтын қолдаймыз. Бүгін бірінші рет қатысудыжөн көріп, ойламаған жерден осындай сыйлыққа ие болдым. Өте бақыттымын. Бұларыңыз үшін үлкен рақмет. Ендігіде жиі қатысып тұрамын.", - деді Муллаев.
Алматы қаласы бойынша жоспарланған 22 велошерудің бұл он біріншісі екен. "Спорттық Алматы" бағдарламасы жаппай спорт түрін дамытуға, белсенді спорттық демалысты насихаттауға бағытталған.