29 желтоқсан 2017 10:09

Алматыда 12 жастағы оқушы өз фабрикасын ашты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Алматыда 12 жастағы мектеп оқушысы Мирас Көшербаев өз бизнесін - шағын құс фабрикасын ашты. Бұл туралы "Астана" телеарнасыныың сюжетінде айтылады.


Алматыда 12 жастағы мектеп оқушысы Мирас Көшербаев өз бизнесін - шағын құс фабрикасын ашты. Бұл туралы "Астана" телеарнасыныың сюжетінде айтылады.

Мирас Көшербаевтің айтуынша, барлығы да "квадроцикл аламын" деген арманнан бастау алған.

Мирас күнде таңертең шағын құс фабрикасына кіруді әдетке айналдырған екен. Балапандарының суы мен жемін берген соң ғана сабағына шығады. Қолдан жасалған қорада 200 шөже бар. Бройлер тұқымды құстар ет бағытында сұранысқа ие. Экологиялық таза жем жеп өскен балапандарының алғашқы легін сатып үлгерді. Екінші легін екі айдан соң саудаға шығармақ.

"Мектепке кетемін де, 5-те келемін. Сосын жемін-суын тағы да тазалап беремін. Оларға 10-15 күн болғанша біз мынау бруддерде ұстағанбыз. Ол бруддерде температурасы 35 градустан аз болмауы керек. Және жеміне витаминдер араластырып береміз", - дейді 12 жастағы кәсіпкер.

Телеарнаның мәліметінше, Мирас қыркүйек айында 100 балапан сатып алған. Ауладан шағын жай салып, әкесі мен әжесінің қолдауымен ішін ретке келтіріп ісін бастап кеткен.

"Екеуіміз бірге барып сатып алдық. Мен тек кеңес бердім. Қалған жұмысты немерем өзі жасады. Бірінші партия туған-туыс, дос-жараннан артылмай қалды. Мирастың ықыласы сол сәттен бастап арта түсті. Қазір қаржы түгел өз қолында. Шығыны мен кірісін өзі есептеп, әрекет етіп жүр", - дейді Мирастың әжесі Бибінұр Көшербаева.

Телеарнаның мәліметінше, Мирас құс санын өсіріп, қаз, үйрек, күркетауық бағуды да жоспарлап отыр. Ауылшаруашылығы өнімдерін саудалайтын жеке дүкен ашу ойы да бар. Ата-анасы баланың кәсібі өрге қарай дөңгелесе, тіркеліп, заңды кәсіпкер ретінде жұмыс істеуге ниетті.

"18-ге толмаған кәсіпкерлерге міндетті түрде әке-шешесінен рұқсат алу керек. Бұл бизнеспен айналысамын десе. Жастарға арналған мектеп бар. Ол жақта 18 жастан 29 жасқа дейін қабылдаймыз. Бірақ, негізінен 18 жастан төмен жас болса да, біз қабылдаймыз. 12 жастағы бала әке-шешесінің атынан ашу керек немесе 14 жасқа толғаннан кейін жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге болады", - дейді Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының бизнес жаттықтырушысы Малик Мұсабеков.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети