29 шілде 2020 10:39

Алматыда 1300-ден аса адам онлайн құрбан шалуға өтініш берген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Алматыда 1300-ден аса адам Qurban-2020 онлайн платформасы арқылы құрбандыққа шалынған малдың етін алуға өтініш білдірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда 1300-ден аса адам Qurban-2020 онлайн платформасы арқылы құрбандыққа шалынған малдың етін алуға өтініш білдірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингінде Бостандық ауданындағы Байкен мешітінің бас имамы Данияр Жұмабаев айтты.

"Бүгінде 1305 адам құрбандыққа шалынған етті онлайн платформа арқылы алуға өтініш білдірген", - деді Данияр Жұмабаев.

Сонымен қатар, оның айтуынша, қала тұрғындарынан құрбандыққа 49 қой, 18 ешкі және 8 басқа малды шалуға өтініш түскен. Құрбан шалынатын мал еті қайырымдылық аясында мұқтаж жандарға таратылады.

Құрбандық шалуға және мұқтаж, аз қамтылған қала тұрғындарының ет алуға қалдырған өтініштерін алу сайтта 24 шілдеден 30 шілде аралығында жүргізіліп жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети