03 тамыз 2016 08:56

Алматыда 18 жастағы мектеп түлегі қала орталығынан жоғалып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда мектеп түлегі - 18 жастағы Жұлдыз Ерманова жоғалып кетті. Қызды іздестіру туралы хабарландыру әлеуметтік желілер мен БАҚ-тарда жария болды, оны құқық қорғау органдары мен еріктілер іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматыда мектеп түлегі - 18 жастағы Жұлдыз Ерманова жоғалып кетті. Қызды іздестіру туралы хабарландыру әлеуметтік желілер мен БАҚ-тарда жария болды, оны құқық қорғау органдары мен еріктілер іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оның туған әпкесінің айтуынша, Жұлдыз 1 тамызда үйінен Астана уақыты бойынша 18.00-де шығып кетіп, оралмаған. Джинс пен қара жейде киген. Күлгін сөмкесі болыпты. Белгілері: шашы ұзын, көз жанарына арналған қара ілдірігі бар көзілдірік таққан. 

"Сіңлім кешкі асқа келмегенде іздей бастадық. Түні бойы іздеп, достары мен таныстарынан сұрастырдық, таппадық. Келесі күні сағат 12.00-де полицияға хабар бердік. Осы уақыттан бастап қала бойынша полицейлермен бірігіп іздестіріп жатырмыз. Ол байланысқа шыққан жоқ, көңіл қосып жүрген адамы жоқ, қашып кететіндей себебі болған жоқ. Біздің отбасымызда бәрі бір-біріне сенеді", - деді Ақшолпан.

"Жұлдыз "Меломан" кітап дүкеніне жиі баратын. Кітап іздейтін. Дүкен тәулік бойынша жұмыс істейді. Ең қорқыныштысы, оны ешқандай да камерадан көре алмадық, ешкім ештеңе көрмеген. Тапа-тал түсте жоғалды да кетті. Ол мектепті енді тәмамдаған, оқуға түсуге дайындалып жүрді. Сәуірде ол 18 жасқа толды", - деді туысы.

Instagram желісіндегі парақшасында әпкесі қыздың қайда екені жайлы мәлімет білетіндерден хабар беруін сұрап отыр. "Дін-аман қайтарыңыздар. Қылмыстық іс қозғалмауы үшін барлық мүмкіндікті жасаймыз", - деп жазды ол.

Әпкесінің құрбысы болса еріктілер тобын жинай бастады. "Үнқағаздар дайындадық, кімнің қайда ілетінін үлестіріп жатырмыз", - деді ол. 

Қыздың қайда екенін білген-көргендерден +7778 360 87 77; +7 705 799 99 44 номерлеріне хабарласу сұралады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети