17 сәуір 2020 09:04

Алматыда 19 бен 20 жастағы бес жасөспірім коронавирус жұқтырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 16 сәуірде коронавирус жұқтырған бес адам туралы дерек шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.


Алматыда 16 сәуірде коронавирус жұқтырған бес адам туралы дерек шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.

Бес жасөспірімнің үшеуі 2000 жылы, екеуі 2001 жылы туған. Бұған дейін олар стационардағы карантинде  оқшаулауда жатқан еді. Өйткені вирус жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған.

16 сәуірде тағы алты науқас жазылып шыққан. Олардың ішінде төрт әйел мен екі ер адам бар.

Жазылып шыққандардың ішінде төртеуі шетелден ұшып келгендер. Біреуі осындағы індет жұқтырғанмен байланыста болған. Енді біреуі Балалар жұқпалы аурулар ауруханасының қызметкері.

Жалпы Алматыда COVID-19-дан 67 адам сауығып шықты. Қазіргі уақытта жұқпалы аурулар стационарында COVID-19-дан 329 адам емделіп жатыр. Ішінде Алматы облысынан бір әйел бар.

Ем-дом қабылдап жатқан адамдардың ішінде бір науқастың жағдайы - өте ауыр, бесеуінде - ауыр, 50 адамда - ауырлықтың орташа дәрежесі сақтаулы. Ал 273 адамның жай-күйі қанағаттанарлық.

Провизорлық госпитальдарда 368 азамат бар. Соның ішінде 7-і бала болса, карантинlt оқшауланған 426, үй карантинінде 7288 адам жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети