Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Алматыда 6 миллиард теңге болатын қай учаске мемлекетке қайтарылды? 28 наурыз 2023, 15:33

Бас прокуратура Алматы орталығында құны 6 миллиард теңге болатын қай жер телімі мемлекетке қайтарылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев© Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев©

Бас прокуратура Алматы орталығында құны 6 миллиард теңге болатын қай жер телімі мемлекетке қайтарылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі жеті жыл бойы пайдаланылмай қайтарылған нысан Назарбаев даңғылы бойында (Сәтбаев көшесінің қиылысы) Орталық мемлекеттік мұражай ғимаратының жанында орналасқанын хабарлады. Бұрын мұнда әскери госпиталь болған.

Скриншот: aisgzk.kz

Жер кадастрының сайтына сәйкес, қала орталығындағы жер 20-315-021-540 нөміріне ие. Сайттың мақсаты – автотұрақ пен халыққа қызмет көрсету нысандары бар көпфункционал әкімшілік-қонақүй кешені.

Tengrinews.kz/Әлихан Сариев©

Еске салайық, бұған дейін Алматыда құны 6 миллиард теңге болатын жер учаскесі мемлекетке қайтарылатыны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram