27 наурыз 2021 17:18

Алматыда 70 адамға ұзату той өткізгендер анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Алматы қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен Сурет: Алматы қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен

Алматыда мониторингтік топ 70 адамға мейрамханада жасалған ұзату тойды тоқтатты. Әкімдік тұрғындарды карантин шараларын сақтауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда мониторингтік топ 70 адамға мейрамханада жасалған ұзату тойды тоқтатты. Әкімдік тұрғындарды карантин шараларын сақтауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мониторингтік топтар анықтап, жолын кескен шаралар арасында үйлену тойлары, отбасылық және адамдар көп жиналатын өзге де мерекелік іс-шаралар бар. Мысалы, Әуезов ауданында 26 наурызда сағат 20.00-де Ақсай 4, 15а мекен-жайындағы "Достар Сарайы" мейрамханасында "қыз ұзату" шарасы тоқтатылды. Тиісті шаралар қабылданды", - делінген әкімдік хабарламасында.

Әкімдік мәліметінше, 21-26 наурыз аралығында қалада 98 тексеру жүргізілген, онда 1911 нысан қамтылып, 300-інде белгіленген жұмыс режимінің бұзылуы, эпидемияға қарсы талаптардың сақталмауы анықталған. Сонымен қатар, 26-27 наурыз аралығында түнгі тексеру барысында 17 тәртіпбұзушылық анықталды. Мысалы, 300 кәсіпкерлік субъектісіне 230 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Бір апта ішінде бетперде тағу режимін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабына сәйкес 693 жеке тұлға жауапқа тартылды.

Ержан Бабақұмаров санитарлық-эпидемиологиялық режимді бұзу салдарынан жұқтыру жағдайларының өсуі жалғасып жатқан аудандарда мониторингтік топтардың жұмысын күшейтуді тапсырды.

Айта кетейік, Алматы эпидемиологиялық жағдай бойынша әлі де "қызыл" аймақта тұр. Өткен тәулікте қалада 450 адамнан коронавирус анықталды. Бұрынғыша 65 жастан асқан және созылмалы аурулармен ауыратын адамдар тәуекел тобына жатады, оларға мүмкіндігінше үйлерінен шықпауға кеңес беріледі.

Сонымен қатар, 20-29 жас аралығындағы адамдар арасында инфекцияның өсуі байқалды. 

Алматы әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын жауапкершілік танытып, адамдар көп жиналатын орындарға бармауға, бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырмауға және қатыспауға шақырады.

Кем дегенде 1,5-2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау және бетперде тағу маңызды. Еске салсақ, карантин шараларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети