20 тамыз 2018 14:32

Алматыда 76 жастағы зейнеткердің үйі сүрілуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Алматыда 76 жастағы зейнеткер Галина Цареваның үйі сүрілуі мүмкін. Көршілері зейнеткердің үстінен арыз жазған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда 76 жастағы зейнеткер Галина Цареваның үйі сүрілуі мүмкін. Көршілері зейнеткердің үстінен арыз жазған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Зейнеткердің туыстарының айтуынша, үй 1956 жылы салынған және ол үй Галина Павловнаның анасына тиесілі екен. Бірақ үйдің құрылысына қатысты құжаттар дұрыс рәсімделмеген болып шықты. Сол кезде саманнан салынған ескі үйлерді қазір қайта тіркеу қиынға соғады. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының қызметкерлері осы жағдайдан кейін оған қабырғаларды кірпіштермен бекітуге кеңес беріп, сосын ғана қайта тіркеуге болатынын айтқан.


Галина Цареваның үйі жөндеу жұмыстарына дейін осындай болған. © Отбасының жеке мұрағатынан алынған.

"Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының қызметкерлері бізге былай деді: "Қабырғаларды кірпіштермен бекітіңдер, сосын біз оны заңдастыра аламыз". Содан әжем ақша жинады, біз несие алдық - анам екеуміз. Сөйтіп 2017 жылдың мамырнда кірпіштермен бекіте бастадық", - дейді Галина Цареваның немересі Альбина Распутина. Сөзіне дәлел ретінде ол ресми құжаттарды көрсетті.

"Алматы қалалық Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы, саман кірпішінен салынған үйді заңдастыру мәселесі бойынша. Тұрғын үй - саз балшықтан салынған. Осыған байланысты іздерге ғимараттың конструкциясын күшейту мақсатында іс-шаралар қолдану керек", - делінген зейнеткерге 2010 жылдың қазанында берілген құжатта. 

Зейнеткердің немересі Альбинаның айтуынша, қабырғаларды кірпішпен қоршау мүмкін емес. Кейінірек отбасы кеңесінде саз балшықтан жасалған ескі қабырғаларды құлатып, олардың орнына мықтырақ материалдардан жаңа қабырғалар салу туралы шешімге келген.


Үйдің қазіргі жағдайы.

"Қабырғаларда жарықтар пайда болып, барлығы құлай бастады. Үй өте ескі ғой. Сосын біз ешқандай шекараларды бұзбай, кірпіштен қабырғаларды сала бастадық. Сол кезде көршілеріміздің бірі заңсыз әрі жаңа құрылыс жұмыстарын бастағанымыз үшін барлық инстанцияға шағымдана бастады. Міне, қазір олармен соттасып жатқаынмызға бір жыл болды. Ол үйдің сүрілуін талап етіп отыр.

Біздің қателігіміз - қайта құрылыс жұмыстарын бастау үшін рұқсат алмадық. Қабырғаларды бекіту мен қайта салу - екі түрлі дүние. Бірақ әжем барлық айыппұлды төлеп қойды. Тағы бір мәселе, біздің үйіміз бен көршіміздің үйінің арақашықтығы - 2 метр. Ал қазіргі норма бойынша, арақашықтық 3 метрдей болуы керек. Көрші әйел осыны қоймай айтып жатыр", - дейді Альбина.

Оның айтуынша, бірінші инстанциялы сот - Медеу ауданының соты үйді құлатпау туралы шешім қабылдаған. Бірақ Алматы қалалық соты үйді сүріп тастау туралы шешім шығарған.

"Царева Галина Павловнаға үйі мен оның маңындағы құрылысты өз еркімен сүріп тастау міндеттелсін", - делінген Алматы қалалық Азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасынынң 2018 жылдың 3 мамырындағы үкімінде.

Зейнеткердің немересінің айтуынша, қазіргі уақытта Галина Царева ҚР Жоғарғы сотына істің қайта қаралуы туралы өтініш жолдаған. Сот тыңдалымы 12 қыркүйекке белгіленген.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматыда көршілердің шағымынан кейін 70 жастағы кейуананың үйі құлатылатыны жайлы хабарланған еді. Зейнеткер Сара Байырқанованың үйі сот шешімімен осыдан бірнеше күн бұрын бұзылған. Үй құлатылғаннан кейін зейнеткер қызы екеуі үйінділердің арасында тұрған.


© Tengrinews.kz

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети