22 желтоқсан 2020 11:17

Алматыда 9 балл жер сілкінісі болса, ғимараттар төтеп бере ала ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Әлихан Сариев © Әлихан Сариев

Алматыдағы ғимараттың басым бөлігі жойқын жер сілкінісі кезінде қирауы мүмкін. Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының (ҚазҚСҒЗИ) ғалымдары қаладағы үйлерді паспорттаудан кейін осындай қорытындыға келген. Алматыда Спитактағыдай жер сілкінісі болуы мүмкін бе? Қаланы қалай сақтап қалуға болады? Құрылыс нысандарының тығыз орналасу қаупі неде? Бұл сұрақтарға ҚазҚСҒЗИ директоры Бегман Көлбаев жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыдағы ғимараттың басым бөлігі жойқын жер сілкінісі кезінде қирауы мүмкін. Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының (ҚазҚСҒЗИ) ғалымдары қаладағы үйлерді паспорттаудан кейін осындай қорытындыға келген. Алматыда Спитактағыдай жер сілкінісі болуы мүмкін бе? Қаланы қалай сақтап қалуға болады? Құрылыс нысандарының тығыз орналасу қаупі неде? Бұл сұрақтарға ҚазҚСҒЗИ директоры Бегман Көлбаев жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда 9 балл және одан да жойқын жер сілкінісі болуы мүмкін. Мұндай жағдайда апат болуы ықтимал.

"Тәжірибеге сәйкес осындай жойқын жер сілкінісі кезінде көбіне қала инфрақұрылымы, сонымен қатар, тұрғын үй құрылысының едәуір бөлігі қирайды. Апаттың салдары 1988 жылғы Армениядағы Спитак қаласында болған жер сілкінісіне ұқсас болуы мүмкін", - дейді Көлбаев.

2017-2018 жылдары "ҚазҚСҒЗИ" АҚ ғалымдары Алматының 11 мың үйіне паспорттау жүргізген. Тұрғын үйлер, мектептер, балабақшалар, ауруханалар, сауда орталықтарының нысандары жер сілкінісіне қаншалықты төтеп бере алатынына баға берілген.

"Тексерілген көппәтерлі тұрғын үйлердің ішінен каркасты-қамысты және кірпіш үйлер бірінші кезекте бұзуға ұсынылды. Әрбір ғимарат үшін электронды паспорттар әзірленді. Төлқұжатта ғимараттың құрылымдық сызбасы, қайта жоспарлаудың болуы, жер сілкінісі кезінде жиналатын орын және ғимараттың сейсмикалық тұрақтылығы туралы ақпарат көрсетілді. Бұл мәлімет Алматы қаласының урбанистика және қалалық жоспарлау басқармасына берілді", - дейді директор.

Көлбаев құрылыс нысанын тығыз салу мәселесі Алматы үшін проблема екенін атап өтті. Оның айтуынша, құрылысшылар қайғылы жағдай болмауы үшін нормативтік базаны сақтауы шарт.

"ҚазҚСҒЗИ" АҚ директорының айтуынша, тіпті жердің шамалы сілкінуі тұрғын үй нысандарына әсерін тигізеді. Бұл жағдай ел экономикасына айтарлықтай шығын келеді.

"Қазақстандағы тұрғын үй қорының шамамен 42 пайызы еліміздің сейсмикалық аудандарында орналасқан. Мәселен, соңғы 20 жылда Қазақстанда жер сілкінісі салдарынан келген шығынның мөлшері 1 миллиард доллардан асады. Мұнда нысандардың 70-80 пайызы - тұрғын үйлер мен әлеуметтік сала объектісі", - дейді ол.

Қазақстанда соңғы 6-7 балл жер сілкінісі 2003 жылы Жамбыл облысындағы Луговое станциясында болды. Салдарынан ауылдың 3 тұрғыны қаза тауып, 3,2 мың ғимаратқа зақым келген.

Соңғы мәлімет бойынша, экономикалық шығын 120 миллион доллар (50 миллиард теңге) болған. "ҚазҚСҒЗИ" АҚ инженерлері нысандарды қалпына келтіру жұмысына қатысқан.

"4756 тұрғын үй қайта жөнделіп күшейтілді және 2563 жаңа үй салынды. 12 мектеп күшейтілді. Бір аудандық аурухана бұзылып, бір жаңа аурухана салынды, 17 аурухана күшейтілді.

Үйлерді бұзу және жер сілкінісіне төзімді үйлерді салу айтарлықтай шығын әкеледі. Мысалы, Луговойдағы жер сілкінісі кезінде талапқа жауап беретін үйді салу үшін шамамен 20 мың доллар (8,3 миллион теңге), қираған үйді қалпына келтіруге 5 мың доллар (2 миллион теңге) жұмсалды", - дейді Көлбаев.

Сонымен қатар, институт басшысы паспорттауды жүргізу үшін қанша ақша керегін айтты.

2017 жылы бес қабатты тұрғын үйді тексеру 124 мың теңге болды. Дәл осындай үйді толық тексеру - шамамен 1,7 миллион теңге.

Ғимаратты жел сілкінісіне төзімді етіп күшейту шамамен 80-90 миллион теңге.

Мұндай ғимараттың құрылысына 142 миллион теңге жұмсалуы мүмкін. Бұл жұмысқа сыртқы инженерлік желілер, әрі бас жоспарды әзірлеуге арналған шығыстар да кіреді.

Бегман Көлбаев төтенше жағдайдың алдын алу үшін Алматыдағы ғимараттарды нығайту қажет деп есептейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети