Алматыда Абай даңғылының кей жерлерінде көлік қозғалысы бірнеше күнге жабылады

16 Наурыз 2017, 18:46
0
Алматыда Абай даңғылының кей жерлерінде көлік қозғалысы бірнеше күнге жабылады - © tengrinews.kz
© tengrinews.kz

Абай даңғылы мен Момышұлы көшесінің қиылысында метрополитеннің салынып жатқан "Достық" бекетінің құрылысына қатысты осы учаскедегі автокөлік қозғалысының сызбасына уақытша өзгерістер енгізіледі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Биылғы жылдың 19 және 23 наурызы аралығында Абай даңғылы бойымен Сайын көшесінен Момышұлы көшесіне дейін батыс және шығыс бағыттағы көлік қозғалысы жабылады. Қаланың Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, Абай даңғылынан жапсарлас аулаларға барлық көлікпен кіру және шығу жолдары ашық болады. Момышұлы көшесі және Сайын көшесі бойынша көлік қозғалысы бұрынғы кесте бойынша жүреді.", - делінген баспасөз қызметі жіберген хабарламада.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай