05 сәуір 2014 19:37

Алматыда Академиялық медициналық орталық салынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі Ахметжан Есімов Академиялық медициналық орталықтың құрылысы жобасын мақұлдады деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы әкімі Ахметжан Есімов Академиялық медициналық орталықтың құрылысы жобасын мақұлдады деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін, 5 сәуірде Алматыда қала әкімінің төрағалық етуімен бес жоба ұсынылған қала құрылысы кеңесінің отырысы боп өтті. Отырыс барысында қала құрылысы кеңесі бірі Академиялық медициналық орталық боп табылатын төрт жобаның құрылысын мақұлдады.

"Аталған медициналық нысанның құрылысы мен оны жарақтандыру үшін осы саладағы әлемге танымал компаниялар тартылады. Жоба жекеменшік инвестицияның есебінен жүзеге асырылады. Жалпылай алғанда, Алматы қаласы үшін халықаралық деңгейдегі медициналық орталықтың ашылуы өте маңызды" деді Есімов.

Сондай-ақ қала құрылысы кеңесі "Атакент" көрме кешені территориясында орналасқан "Қарқара" базарын қайта жаңалау жобасы мен тағы екі тұрғын үй кешенінің құрылысына рұқсат берді. "Қала әкімі қаланың жоғарғы жағына көқабатты ғимарттар салуға болмайтындығын қатаң ескертті" делінеді алдын ала таратылған баспасөз хабарламасында.


 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети