14 сәуір 2021 11:36

Алматыда әл-Фараби даңғылымен жүрген әскери техниканың видеосы тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда әл-Фараби даңғылымен жүрген бірнеше әскери техника видеоға түсірілді. Кадрлар әлеуметтік желілерде пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда әл-Фараби даңғылымен жүрген бірнеше әскери техника видеоға түсірілді. Кадрлар әлеуметтік желілерде пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Онда жүргізуші рөлде келе жатып әскери техниканы түсіргенін көруге болады. 

Tengrinews.kz тілшісі органдардан түсінік беруін сұрады. Техника Қазақстанның Мемлекеттік күзет қызметіне тиесілі екені анықталды.

Қалада техника жүргенін МКҚ кезекші бөлімі де растады.

"Арнайы тактикалық жаттығулар өтіп жатыр. Олар әрдайым өтіп тұрады, неге екені белгісіз, бірақ бүгін адамдар оған аса мән беріп жатыр", - деді қызмет өкілдері.

Еске салайық, 2020 жылдың 17 наурызында Алматыға карантинге байланыста әскери техника әкелінген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети