09 желтоқсан 2023 09:28

Алматыда алғашқы қар жауды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда 8 желтоқсанда сағат 20:00-ден бастап жауған қар 9 желтоқсанда түске таман тоқтайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы" арнасына сілтеме жасап.


Алматыда 8 желтоқсанда сағат 20:00-ден бастап жауған қар 9 желтоқсанда түске таман тоқтайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы" арнасына сілтеме жасап.

Қауіпті аумақтарда, төмен түсетін, жоғары шығатын және жолайырықтарға бұрылатын жерлерге көктайғақтың алдын алу үшін сұйық реагенттер қолданылды. Сонымен қатар қар жауған кезден бастап 112 қызметінің күшімен құм таратқыштар арқылы жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себіледі.

"Тротуарларды, жалпы пайдалану орындарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, жерүсті өткелдерін тазалау жұмыстары ұйымдастырылды. Түнгі уақытта 365 бірлік арнайы техника мен 346 жұмысшы жұмылдырылды. Қар тазалау жұмысы үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды", - делінген хабарламада.

"Қазгидромет" РМК болжауынша түнде қар ұшқындайды, ал 9 желтоқсанда таңнан бастап сағат 15:00-ге дейін биіктігі 8 мм қар жауады. Желдің екпіні 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -7 градусқа дейін суытады, 9 желтоқсанда термометр бағаны минус 4 градусты көрсетеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети