06 тамыз 2020 09:35

Алматыда ән айтатын санитар Қазнетті таңғалдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© facebook © facebook

23 жастағы әнші және музыкант Бақытбек Әмірхан Алматыда қалалық модульді инфекциялық ауруханаға санитар болып жұмысқа кірген. Жас жігіт тазалыққа, кварцтауға жауапты, сондай-ақ түрлі ән айтып, науқастардың көңілін көтереді. Талантты жас әртістің жұмыс күндері туралы Almaty.tv телеарнасы көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Пандемияға дейін Бақытбек мейрамханаларда ән айтып, музыкалық конкурстарға қатысқан. Актер шеберлігі курсын өткізіп, театрда жұмыс істеген. Бірақ карантин енгізілгеннен кейін ол волонтер болып, екі ай бойы мұқтаж отбасыларға азық-түлік тасыған. Кейін ауруханаға жұмысқа тұрған.

"Енді келген кезімде мұндағылар "Қайда келгеніңді білесің бе?" деді. Бірақ мен бас тартқым келген жоқ, себебі үйде жатқаннан көмектесіп, ақша тапқаным жақсы деп ойладым. Біз жарты ставка айлық аламыз, жақсы, жетеді. Еден жуамыз, тазалық сақтаймыз, төсеніштерін ауыстырамыз, шаң сүртеміз, кварц қосамыз. Палаталар мен науқастар көп", - деді жас жігіт.

Бақытбектің айтуынша, науқастарға емдеу курсынан бөлек, рухани қолдау мен қамқорлық керек. Сол себепті музыкант оларды көргенде тамақ ішуге көндіріп, денсаулығын сұрайдды. Ол ән айтып беріп, өлең оқиды және сол арқылы науқастардың көңіл-күйін көтережі.

"Баханы бәрі біледі және оны осы жердің Димашы деп айтады", - деп жазды Желі пайдаланушысы Аягүл Ержанова.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети