Алматыда аптап қашан басылады? Синоптиктер болжамы

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда аптап қашан басылады? Синоптиктер болжамы Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Синоптиктер Алматыда аптап қашан басылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Синоптиктер Алматыда аптап қашан басылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидромет мәліметінше, алдағы тәуліктерде республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және оңтүстік-батысында антициклон ықпалы жауын-шашынсыз ауа райын сақтайды.

"Бүкіл кезеңде шығыста, 13 шілдеде оңтүстікте, 13-14 шілдеде Қазақстанның солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында аптап 45 градусқа дейін сақталады. Республика аумағында төтенше өрт қаупі сақталады. Күндізгі ауа температурасы оңтүстікте және оңтүстікте–шығыста +30...+37 градусқа дейін ыстық болады", - деді синоптиктер.

Алматыда 10-20 шілде аралығында жауын-шашын күтілмейтіні, аптап сақталатыны айтылды.

"Алматыда осы аптаның аяғына дейін аптап болады. Сондай-ақ, 10-20 шілде аралығында облыста ауа температурасының ауытқуы болжанады:

  • түнде +17...+22 градустан +12...+17 градусқа дейін;
  • күндіз +35…+40 градустан +30…+35 градусқа дейін.

Ал таулы аймақтарда:

  • түнде +12 градустан +7 градусқа дейін;
  • күндіз +28 градустан +25 градусқа дейін", - дейді мамандар.

Қазгидромет 20-30 шілде аралығында ауа температурасының төмендеуі күтілетінін атап өтті:

  • түнде +10…+15 градусқа дейін;
  • күндіз +27…+35 градусқа дейін.

"Одан кейін ауа температурасы көтеріледі деп күтілуде:

  • түнде +18…+23 градусқа дейін;
  • күндіз +35 ... +40 градусқа дейін.

Шілденің аяғында ауа температурасы төмендейді деп күтіледі:

  • түнде +12...+17 градусқа дейін;
  • күндіз + 25 ... + 30 градусқа дейін.

Ал таулы аймақтарда:

  • түнде +5 градусқа дейін;
    күндіз +20 градусқа дейін жетеді", - деп қосты синоптиктер.

Олар шілде ішінде жауын-шашын мөлшері нормаға жақын болатынын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 488.18   559.6   6.65 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +25
Астана +30
Ақтау +25
Ақтөбе +29
Атырау +29
Б
Балқаш +33
Ж
Жезқазған +30
Қ
Қарағанды +31
К
Көкшетау +31
Қ
Қостанай +37
Қызылорда +30
П
Павлодар +30
Петропавл +31
С
Семей +30
Т
Талдықорған +24
Тараз +32
Түркістан +22
О
Орал +28
Ө
Өскемен +28
Ш
Шымкент +32

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер