18 шілде 2016 14:40

Алматыда атыс кезінде бейбіт тұрғын қаза тапты - ҚР ІІМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда атыс кезінде бейбіт тұрғын қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
18 шілдеде сағат 11-де Алматыда қаласының ІІД Алмалы аудандық ІІБ-на шабуыл жасалмақшы болған уақытта посттағы полицей оқ жарақатын алған болатын. Ал оны атқан қылмыскер полицейдің автоматты қаруын алып, оқиға орнынан кетіп қалған.

"Қылмыскерді қуу кезінде оның "Боран" полиция экипажынан ұрлап алған қаруы болған. Салдарынан патрульді экипаждың екі қызметкері оқ жарақатын алды. Кейінірек "Қазақконцерт" АҚ аумағында полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Оның кім екені анықталды", - деді ҚР ІІМ баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, қылмыскерді ұстау кезінде 2 полиция қызметкері оқ жарақатын алды.

"Өкінішке қарай, осыған дейін қылмыскер қала тұрғының жеңіл көлігін тартып алмақ болған. Салдарынан көлік жүргізушісі жарақат алып, оқиға орнында қаза тапты. Сонымен қатар, ауруханаға барар жолда үш полиция қызметкері қайтыс болды", - деді ҚР ІІМ баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, полицияның барлық қызметкері ұсталған қылмыскердің сыбайласын іздестіруге бағыт-бағдар берді.

Осыған дейін Алматыда Алмалы аудандық ІІБ маңы қоршауға алынған болатын. Куәгерлердің айтуынша, Никольский базарының аумағында атыс болып жатыр. Бұл жерде аудандық полиция басқармасы орналасқан. Сонымен қатар, куәгерлер көрші ғимараттардағы адамдарды кеңселерінен шығармай отыр екен. Таяу маңда орналасқан кеңседегілердің айтуынша, 10 рет оқ атылған. "Бастапқыда тапаншамен бір-бірден оқ атылды, кейін жылдам атыла бастады. Белгісіз біреу қолына автомат ұстап алып, Байтұрсынов көшесінің бойымен жүгіріп өтті, кейін артынан полицейлер қуды", - дейді олар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети