Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Алматыда автобустарға арналған жолақтың пайдалы жақтары айтылды

22 Маусым 2015, 12:02
0
©Николай Колесников
©Николай Колесников

Алматыда пайда болған арнайы жолақтың арқасында Абай даңғылымен жүретін қоғамдық көліктерде жолаушы тасымалдау 17-19 пайызға өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қаланың жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Талған Әбдрахманов айтып берді.

Оның айтуынша, қоғамдық көліктердің рейстер саны да 30 пайызға дейін көбейген. "Егер бұрын қоғамдық көлік 4-4,5 рейс жасаса, қазір олар 5-6 рейс жасайды. Қазіргі уақытта Райымбек және Сейфуллин даңғылдарында арнайы жолақ салу жоспарланып отыр. (...)", - деді Әбдрахманов. Сонымен қатар, оның мәліметінше, 15 маусымнан бері 100-ден аса жүргізушіге арнайы жолақпен жүргені үшін айыппұл салынды.

Еске салайық, арнайы жолақ Абай даңғылының бойымен Момышұлы көшесінен Достық даңғылына дейін тартылған болатын.  Бұған дейін Алматыда автобустарға арналған жолақпен жүрген жеке автомобиль жүргізушілеріне айыппұлдың салына бастағаны хабарланған болатын. Полицейлердің айтуынша, Абай даңғылында орнатылған камералар автобустарға арналған жолақпен жүрген автомобильдерді түсіріп алып отырады. Жол ережесін бұзған жүргізушілер 5 пен 10 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.

 

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай