14 ақпан 2022 13:14

Алматыда автокөлік салонындағы автомат супермаркетке келушілерді шошытты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Алматы тұрғындарын супермаркет алдында автотұрақта тұрған көлік салонындағы автомат шошытты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы тұрғындарын супермаркет алдында автотұрақта тұрған көлік салонындағы автомат шошытты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға Бостандық ауданында 13 ақпан күні түс ауа 15:30 шамасында болған. Гагарин даңғылы мен Есқараев көшесінің қиылысында орналасқан супермаркетке келушілердің бірі қызыл спорттық Mitsubishi көлігінің ішіндегі автоматты байқаған. Ер адам барлығын камераға түсіріп алып, кейін видеоны әлеуметтік желіге салып, полицияға хабарласқан.

Полиция бұл деректі дереу тексеруге кірісті. Оқиға орнына патрульдік полиция экипажы жіберілді. Мән-жайды анықтаған кезде, автомат ойыншық болып шықты.

"Көлік жүргізушісі анықталды, ол полицияға автоматқа ұқсайтын затты тексеруге рұқсат берді. Ол ойыншық болып шықты. Көлік иесі тиісті түсіндірме хат жазды. Ойыншық автомат баласына тиесілі екені анықталды.

Алматы полициясы белсенді азаматтық ұстанымы бар азаматтарға қырағылығы мен жедел әрекеті үшін, сондай-ақ қаладағы тәртіпті сақтауға көмектескені үшін алғыс білдіреді", - дейді Бостандық аудандық полиция бөлімінің басшысы Думан Аухадиев.

Mitsubishi салонындағы автомат. Фото Алматы полициясынан алынды

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 440.92   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети