08 қазан 2020 17:18

Алматыда барахолкаға баратын жол жабылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда барахолка бағытындағы жол жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қалалық мобильділік басқармасына сілтеме жасап.


Алматыда барахолка бағытындағы жол жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қалалық мобильділік басқармасына сілтеме жасап.

Қозғалыстың шектелуі "Адем" сауда үйінің алдындағы жөндеу жұмыстарына байланысты. Еске салайық, қазіргі уақытта мұнда жер үсті жаяу жүргіншілер өткелін орнату жұмыстары жүріп жатыр.

"Солтүстік айналым көшесіндегі жаяу жүргіншілер өткелінің арқалықтарын құрастыруға байланысты Рысқұлов даңғылынан Москвин көшесіне дейін көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады. Шектеу мерзімі 11 қазанда 23.59-дан басталады, ал 12 қазанда 06.00-де аяқталады", - делінген хабарламада.

Автокөлік қозғалысы көрсетілген схема бойынша жүзеге асырылады:

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети