Алматыда басқа қаладан келген көліктерге арналған автотұрақтар пайда болуы мүмкін

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Николай Колесников © Николай Колесников

Алматыда басқа Қазақстанның қалаларынан келген автомобильдерге аналған тегін автотұрақтар пайда болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы әкімі Бауыржан Байбек айтты. Оның айтуынша, мұндай мүмкіндік қаладағы кептелісті азайту мақсатында қарастырылып отыр. Қала басшысы тегін автотұрақтарды салудың басты мақсаты - басқа қалалардан келген автомобильдің Алматыға кірмеуін қамтамасыз ету.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда басқа Қазақстанның қалаларынан келген автомобильдерге аналған тегін автотұрақтар пайда болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы әкімі Бауыржан Байбек айтты. Оның айтуынша, мұндай мүмкіндік қаладағы кептелісті азайту мақсатында қарастырылып отыр. Қала басшысы тегін автотұрақтарды салудың басты мақсаты - басқа қалалардан келген автомобильдің Алматыға кірмеуін қамтамасыз ету.

Айта кетейік, жобаның ұйымдастырушысы "Алматы тұрақты транспорты" БҰҰДБ мәліметінше, қаладағы кептелістен келетін шығын жылына 60 миллиард теңгеге дейін жетеді. Сонымен қатар, қаладағы автомобильдер жылына 772 миллион литр бензин жағады. Шығынды азайту және экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында қоғамдық көліктерді пайдалануды арттыру шаралары жүргізіліп жатыр. Қала әкімі электронды билет сатып алуды насихаттай отырып, қоғамдық көліктердегі тасымалдау сапасы артқан жағдайда қала тұрғындарының автомобильден автобусқа ауысатынын айтты. Мысалы, батыс елдерінде жолаушы көздеген жеріне қанша уақытта жететінін алдын ала есептей алады. Осындай нәтижеге жету Алматы үшін де басты мақсат.

Алматы ІІД мәліметінше, қалаға күніне 250-260 мың автомобиль келеді. Олар жеті бағытта жүреді. 110 мың автомобиль Қарасай ауданынан Алматы облысына қарай беттейді. "Қалаға күн сайын келіп, күн сайын кететін 250 мың автомобиль Алматыдағы кептеліс мәселесіне себепкер болып отыр. Біз бұл мәселені шешуіміз керек. Мынаны түсіну керек: Олардың ішінде кімдер өзінің жұмысына барады? Бұлар қоғамдық көлікпен де қатынай алады. Бұл мәселені шешу үшін бізге нақты цифрлар керек. Біз адамдарға ыңғайлы болу үшін қала сыртына үлкен, тегін автотұрақтар саламыз. Ешкім күніне 2400 теңге төлемейді. Немесе олар тек бір рет қана төлем жасап, автомобилдерін қала сыртына тастап, қоғамдық көлікпен қатынайтындай етеміз", - деді әкім.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 533.33  course up  619.98  course up  6.8  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer