13 ақпан 2024 11:47

Алматыда баспана сатып алу ұсынылмайтын тағы бір тұрғын үй кешені белгілі болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Алматы әкімдігі баспана сатып алу ұсынылмайтын тағы бір тұрғын үй кешені туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы әкімдігі баспана сатып алу ұсынылмайтын тағы бір тұрғын үй кешені туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Интернет ресурстар мониторингі нәтижесі бойынша Қала құрылысын бақылау басқармасы Royal Time тұрғын үй кешенінің жарнамасын анықтады.

"Тұрғын үй кешені сайты мен әлеуметтік желідегі парақшада көрсетілген мәлімет бойынша, премиум-класты жаңа ТҮК Наурызбай ауданындағы Кенесары хан көшесі 145 мекенжайында орналаспақ. Алайда бүгінде жер учаскесінде құрылыс жүргізіліп жатқан жоқ және құрылысқа рұқсат беретін құжаттары да жоқ", - денлінген хабарламада.

Жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын Алматы Қала құрылысын бақылау басқармасының +7 705 89 66 000 WhatsApp анықтамалық желісі бойынша ТҮК құжаттарының бар-жоғына көз жеткізу ұсынылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети