Алматыда Батыр Қазыбаевты еске алу кітабының тұсаукесері өтті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz Фото ©️ Tengrinews.kz

12 маусымда Алматыда танымал журналист, Tengrinews.kz негізін қалаушы және Alash Media Group холдингінің басшысы Батыр Қазыбаевтың естелігіне арналған "Остаться светом" атты кітаптың тұсаукесері өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

12 маусымда Алматыда танымал журналист, Tengrinews.kz негізін қалаушы және Alash Media Group холдингінің басшысы Батыр Қазыбаевтың естелігіне арналған "Остаться светом" атты кітаптың тұсаукесері өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кітап – естеліктер жинағы. Оны құрастыруға медиаменеджердің отбасы мүшелері, жақындары, достары және әріптестері атсалысқан. Басылымға мәтін ғана емес, Батыр Қазыбаевтың өзі түсірген сирек мұрағаттық суреттер де енген.

Фото ©️ Tengrinews.kz

Тұсаукесерге туыстары, әріптестері және достары жиналды. Олар Батыр Қазыбаевты талантты медиаменеджер және сенімді дос, жобаларына жан-тәнімен берілген жарқын және ерекше тұлға ретінде еске алды.

"Батыр бар болғаны 53 жыл өмір сүрді, бірақ осы қысқа ғұмырында 80-90 жыл өмір сүрген көрнекті тұлғалармен тең еңбектер жасап үлгерді. Ол журналистикада өзіндік стилі бар ерекше тұлға болды. Ұлымның әріптестері оның еңбектерін ұмытпайды деп сенемін және оның есімі халық жадында қалады", – деді Батырдың анасы Орынша Қарабалина-Қазыбаева.

Сондай-ақ, ол кітап авторларына және оны әзірлеуге қатысқандардың барлығына алғысын білдірді:

"Сіздер барда Батырдың есімі ұмытылмайды. Мен баршаңызды оның мұрасы, идеялары мен еңбектерін есте сақтауға шақырамын. Бұл менің ана ретіндегі өсиетім".

Батыр Қазыбаев бүкіл ғұмырын медиа саласына арнаған, Alash Media Group холдингін басқарды. Қазіргі уақытта бұл холдинг құрамына Tengrinews.kz, Vesti.kz, Massaget.kz сайттары және "Жұлдыз FM", "Ретро FM Қазақстан" радиостанциялары кіреді. Сонымен қатар, ол The Spirit of Tengri этникалық музыка фестивалін негізін қалап, іске қосқан. "Жетінші арнаның" құрылуына да атсалысқан.

Биыл оның басты жобасы Tengrinews.kz өзінің 15 жылдық мерейтойын атап өтеді.

Батыр Қазыбаев 2022 жылы ұзаққа созылған ауыр сырқаттан кейін өмірден озды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 526.5  course up  615.26  course up  6.76  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer