Алматыда бизнесменнің қызын белгісіз біреулер ұрлап әкеткен

17 Қараша 2018, 09:14
0
Алматыда бизнесменнің қызын белгісіз біреулер ұрлап әкеткен - © newsarmenia.am
© newsarmenia.am

Алматыда бизнесменнің қызын ұрлады деген күдікпен төрт адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаланың криминалдық полиция департаментінің мамандары төрт адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады, олар бизнесменнің кәмелет жасқа толмаған қызын ұрлады деген күдік бар.

Қызды ұрлап әкеткендер ол үшін жарты миллион доллар ақы сұраған.

"Қылмыс 14 қарашада күндіз, қаладағы шағынаудандардың бірінде жасалған. Қызды ұрлағандар электр есеңгіреткіш құралымен қорқытып, жүргізушіні байлап, қызды көліктің салонынан алып кеткен. Кейін қыздың жақындарына ақша сұрап хабарласқан", - деді ІІМ өкілдері.

Полицейлер оларды кезекшілік тәулік ішінде ұстады. Қазіргі таңда олардың әрқайсысының бұл қылмысқа қатыстылығының дәрежесі анықталып жатыр.

"Қыздың өмірі мен денсаулығына ешкімнен де, еш нәрседен де келер қауіп жоқ", - деді полициядағылар.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай