08 қазан 2018 10:11

Алматыда Бостандық ауданының бұрынғы әкімі қайтыс болды

Камила Долаева Журналист

Алматы қаласы Бостандық ауданының бұрынғы әкімі Каримуллин Амангелді Кәрімұлы 71 жасында созылмалы дерттен қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласы Бостандық ауданының бұрынғы әкімі Каримуллин Амангелді Кәрімұлы 71 жасында созылмалы дерттен қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Амангелді Каримуллин 1947 жылы 26 қазанда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген, түрлі мемлекеттік лауазымда жұмыс істеген, "Құрмет" орденінің иегері.

Реклама
Реклама

1995-97 жылдары Қазақстан Республикасы премьер-министрінің кеңесшісі, 1997-2001 жылдары - Алматы облысы әкімінің орынбасары, 2002 жылдан 2009 жылға дейін - Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі болған.

2011 жылға дейін Алматы және Алматы облыстарында "Нұр Отан" партиясы төрағасының орынбасары қызметін атқарған. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram