10 сәуір 2019 15:02

Алматыда дәрігерлер жаңа туған сәбиден 1 келі туа біткен ісікті алып тастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласындағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының мамандары жаңа туған сәбиге күрделі ота жасады. Дәрігерлер шақалақтың денесіне туа біткен 1 келіден аса ісікті алып тастады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап. 

"Iсіктің көлемі аса үлкен, салмағы - 1028 гр. Сегізкөз-құйымшаққа біткен ісікті дәрігерлер бала анасының құрсағында жатқанда 19-шы аптада анықтаған. Ісік терідегі эрозиялық учаскелердің пайда болуын, тік ішекті қысып, қатты қансырау қатерін туғызған", - делінген хабарламада.

Жоспарлы операция жасау үшін сәбиді перзентханадан бірден Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына жеткізілді.

"Хирургиялық операция бала дүниеге келген соң үш тәуліктен кейін жасалды. Өйткені салмағы 3818 грамм болып туған шақалақты алдын ала емге дайындау керек болды. Ісікті алып тастау бойынша ота 3 сағатқа созылды және еш асқынусыз өтті", - делінген хабарламада. 

Мамандардың айтуынша жаңа туылған балардағы ісіктерді оперативті алып тастау толық жазылуға кепілдік береді.

Жаңа туылған сәби 3-ші тәулікте жансақтау бөлімінен неонотология бөліміне анасының қасына ауыстырылып, ерекше күтім алуда.

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы мамандарының айтуынша бүгінде баланың жағдайы тұрақты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети