27 наурыз 2020 16:02

Алматыда дезинфекция жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда коронавируспен күресу мақсатында дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда коронавируспен күресу мақсатында дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазіргі қаладағы жағдайға байланысты Жасыл экономика басқармасының мәліметінше,  барлық дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

"Қала көшелері, жаяу жүргіншілерге арналған жолдар, жалпы пайдаланылуға арналған орындардың барлығына дезинфекция жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар үшін 91 су шашатын машина, 36 жаяу жүргіншілерге арналған жолдарды сыпыратын машиналар және 886 жұмысшы тартылып отыр. Қала көшелері бойындағы қоқыс салатын урналар, орындықтар, қоғамдық көлік аялдамалары, жер асты және жер үсті жолдарын дезенфекциялау жұмысына 121 адам жұмылдырылды", -делінген хабарламада.

Сонымен қатар, контейнерлер мен контейнерлердің аумағын дезинфекциялау жұмыстары да жүйелі жалғасып, оның жұмысына 85 адамның жұмылғаны айтылады.

Қазақстанда 65 жастан асқандарға көшеге шығуға шектеу қойылды

Сондай-ақ, "Дезинфекция орталығы" РММ-нің Алматы қаласы бойынша филиалының мәліметі бойынга, заманауи дезинфекциялық препараттар қауіптің 4-сыныбына жатады (қауіптілігі аз) және адам, жануарлар денсаулығына зиян тигізбейді. Барлық жұмыс дезпрепараттар әрбір дезпрепаратқа қоса беріліп отырған бекітілген нұсқаулықтарға немесе әдістемелік нұсқамаларға сәйкес дайындалады дейді олар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети