01 сәуір 2020 14:17

Алматыда дезинфекция жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Алматыда коронавируспен күресу мақсатында дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда коронавируспен күресу мақсатында дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдіктегілердің мәліметінше, коронавирустың алдын алу мақсатында қаладағы үйлердің кіреберістер мен аулалар аптасына екі рет дезинфекцияланады.

25 наурыздан бастап төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штабтың шешіміне және Алматы қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің ұсынысына сәйкес, мамандандырылған компаниялар қаладағы тұрғын үй қорын жаппай залалсыздандыруды бастады.

Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн-брифингте қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Мейіржан Отыншиев айтты.

Республика бойынша ең ірі тұрғын үй қоры Алматы қаласында. Оның құрамында 800-ден аса басқару органы қызмет көрсететін шамамен 8,5 мың көппәтерлі үй, 23,5 мың кіреберіс және 4 мың аула бар.

"Жұмыс көлемінің ауқымдылығы ескеріліп, барлық ауданда залалсыздандыру 3 күнге бөлініп, олардың жалпы санының кем дегенде күніне 33 пайызы қамтылады. Осылайша, көпқабатты үйлердің кіреберістері мен аулалары кестеге сәйкес аптасына 2 рет өңделеді. (...) Қазіргі уақытта жұмысқа шамамен 70 бригада, 500-ден аса адам жұмылған", – деді Отыншиев.

Көппәтерлі тұрғын үйлерді залалсыздандыруға, өңдеуде қолданылатын өнімдер сертификатталған және олар адамдар мен үй жануарлары үшін қауіпсіз деп отыр мамандар. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети