Алматыда екі қабатты таунхаусты сүру жұмыстары басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматыда сот шешімімен екі қабатты таунхаусты сүру жұмыстары басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдікке сілтеме жасап.


Алматыда сот шешімімен екі қабатты таунхаусты сүру жұмыстары басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдікке сілтеме жасап.

Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы мәліметінше, Асқартау шағынауданындағы үй иесіне рұқсат құжаттарының толық топтамасы болмағаны үшін заңбұзушылықтарды жою жөнінде нұсқама берілген.

Нұсқама мерзімі аяқталған соң басқарма Алматы Бостандық аудандық сотына нысанды сүру туралы талап арыз түсірген.

"2024 жылғы 2 мамырда Алматы сотының қаулысымен алғашқы инстанция сотының сүру туралы шешімі өзгеріссіз қалдырылды. Бұдан кейін Әділет департаментінде атқарушылық іс жүргізу қозғалды. Нысанды бұзу сот орындаушыларының қатысуымен басталды", – деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 476.71   561.69   6.29 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети