05 қаңтар 2015 12:19

Алматыда электр энергиясы қымбаттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©bivalent.ru ©bivalent.ru

Энергия өндіруші ұйымдар Алматыда электр қуатын тарату бағасын көтерді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "АлматыЭнергоСбыт" кәсіпорнына сілтеме жасап.


Энергия өндіруші ұйымдар Алматыда электр қуатын тарату бағасын көтерді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "АлматыЭнергоСбыт" кәсіпорнына сілтеме жасап.

ҚРҮкіметінің "Шекті тарифтерді белгілеу туралы" 2009 жылдың 25 наурызындағы № 392 қаулысына сәйкес, 2015 жылдың 01 қаңтарынан бастап Солтүстіктегі энергия көздері бағаны 8,8 теңгеге дейін (10%), "Алматы электр станциялары" АҚ - 8,6 теңгеге дейін (5%), Жамбыл ГРЭС-і – 8,7 теңгеге дейін (2%) көтеріп отыр. 

Сонымен қатар, электр энергиясын "KEGOC" АҚ желілері арқылы тарату 33%-ға, "АЖК" АҚ өңірлік деңгей желілері арқылы тарату 4%-ға өсті. Сондай-ақ, электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру кВт/сағатына 0,083 теңгеге өсті, бұл алдыңғы бекітілген тарифтен 22%-ға жоғары.

"Электр энергиясының сатылу тарифінің негізгі бөлігін нарықтағы бағасы құрайтындықтан, "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС электр энергиясын тұтынушыларына тарифтің 7,5%-ға өзгеретінін хабарлайды", - делінген кәсіпорынның хабарламасында.

12 пайыздық қосылған құн салығын есептегенде Алматы қаласы және Алматы облысының электр энергиясын көлеміне қарай пайдаланатын тұрмыстық тұтынушылары үшін тарифтер қолданылады: 

бірінші деңгейлі тариф – 1 кВт/сағат - 15,43 теңге;
екінші деңгейлі тариф – 1 кВт/сағат - 20,90 теңге;
үшінші деңгейлі тариф – 1 кВт/сағат - 26,13 теңге.

Тәулік мезгілі бойынша сараланған тариф:  

Екі мезгілді есептеу жүйесі бойынша:

күндізгі тариф (07.00 - 23.00 аралығы) – 1 кВт/сағат - 22,33 теңге;

түнгі тариф (23.00 - 07.00 аралығы) – 1 кВт/сағат - 4,92 теңге.

Үш мезгілді есептеу жүйесі бойынша:

күндізгі тариф (07.00-ден 19.00-ге дейін) – 1 кВт/сағат - 17,42 теңге;

ең жоғарғы деңгейдегі тариф (19.00-ден 23.00-ге дейін) – 1 кВт/сағат - 36,48 теңге;

түнгі тариф (23.00-ден 07.00-ге дейін) – 1 кВт/сағат - 4,92 теңге.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети