Алматыда электрбус жолаушыларды бастапқыда тегін тасымалдайды

12 Шілде 2017, 16:43
0
Алматыда электрбус жолаушыларды бастапқыда тегін тасымалдайды - © Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
© Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

II буындағы электрбус Алматы тұрғындары мен қонақтарын бастапқыда тегін тасымалдайтын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алматыда әлемде баламасы жоқ 18 метрлік электробус жұртшылыққа таныстырылды. Көлікті Германияның Eurobus автоконцерні жасады. Мұндай автобустардың тек алтауы жасап шығарылған, ал алтыншысы Алматыға жеткізілді. 

Бүгін осы модельдегі автобустар Европаның Берлин, Мадрид, Осло, Гамбург қалалары мен қоса Алматыда тестілік сынақтан өткізіліп жатыр.

"Автобустың бұл түрі жеңіл балқытылған каркастан жаңа технология бойынша жасалған, соның арқасында салмағы жеңіл әрі сенімді, жасалуы да тез.18 метрлі автобус әрқайсысы 200 ден 500 кВт/сағат болатын үш аккумуляторлармен жабдықталған, бір рет зарядталған соң 300 км жол жүреді, орташа уақыты сегіз сағат.
Төмен еденді автобус видеобақылаумен, кондиционермен, жылыту жүйесімен жабдықталған, жолаушылар үшін мұнда барлық жағдайлар жасалған әрі түрлі өңірдегі континенталді климатқа төзімді. Оған 120 жолаушы сияды, сонымен қатар мүмкіндігі шектеуіл жандар үшін көтергіш те бар. Алматыда автобус қала қонақтары мен тұрғындары үшін бір туристік бағытта тестілік кесте бойынша жүреді. Автобус жеке инвестордың қаржысына алынған", - дейді қала әкімдігінің баспасөз қызметінінің өкілдері. 

FalconEuroBus компаниясының директоры, Алматы мәслихатының депутаты Мұрат Әділхановтың мәліметі бойынша, электрбус келесі аптадан бастап жолға қойылып, жолаушыларды тегін тасымалдайтын болады. Рәсімдеу процедурасы аяқталғаннан кейін жол жүру бағасы 150 теңгеден қымбат болмайды. Онда "Оңай" жүйесі орнатылмайды. 

"Жоба жыл бойы жасалды. Бұл бүкіл әлем өтуге тырысатын техника болады. Газ және дизель отынымен жүретін автобустар өткен шақта қалады. Біздің кәсіпорын Eurobus концернімен біріккен кәсіпорын құрды. Бір жыл бұрын Алматы әкімдігі жер бөліп берген. Еуропаның үздік сәулетшілері заманауи парк пен зауытты қалай орналастыру керектігін ойластырып қойды. Автопаркте 300 автобус болады. Биыл 20-25 автобус құрастыруды ойлап отырмыз. Кейін 100-ден 1000-ға дейін апарамыз. Зауыт салынып жатыр", - дейді Мұрат Әділханов. 

Оның сөзінше, жақын уақытта компания автопарк ашып, қалалық бағыттар бойынша қызмет көрсете бастайды. 

Мұның алдында Алматыда үшінші буындағы алғашқы электрбус жолға қойылатыны хабарланған болатын. Оның қаланың көрікті орындарын аралап, туристерді тасымалдайтыны белгілі болды. 

Айта кетейік, қалада кешенді көлік реформасы жүруде, осының арқасында LRT, BRT жобалары енгізілуде, арнайы жолақтар жасалуда, троллейбус желісі жаңаруда. Жылжымалы құрамды жаңарту және экологияны жақсарту мақсатында Алматы әкімдігі жыл аяғына дейін Евро-5 стандартты 300 жаңа автобус алу үшін 11,5 миллиард теңге бөлді. Қалаға қосылған елді мекендердегі, соның ішінде таулы жерлердегі көлік жүйесін жақсарту үшін 10 шілдеден бастап жаңа автобустар бағыттары ашылды. Осы істі жүзеге асыру үшін Евро-4 стандартындағы дизельмен жүретін 45 автобус алынды. Бұлар жол таңдамайды әрі барынша қолайлы. ЛИАЗ маркалы 15 автобус та жолаушы тасымалдайтын болады. Ұзындығы 9,5 метр төмен еденді бұл көліктер Евро-58 стандартына сай және кондиционермен, арбаға таңылған мүгедектерді көтеретін арнайы қондырғылармен жабдықталған. 1 тамыздан бастап осы жаңа көліктер №28 бағыт бойынша (Орбита 2,4 - ГЭС2), №68 бағыты бойынша (Әл- Фараби - Ремизовка саябақтары) жүретін болады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай