27 наурыз 2020 11:29

Алматыда ер адам блокпосттан өту үшін қоқыс шығаратын көлікке жасырынған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: polisia.kz Сурет: polisia.kz

Қоқыс шығаратын көліктің жүргізушісі жолаушы тасығаны үшін ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Қоқыс шығаратын көліктің жүргізушісі жолаушы тасығаны үшін ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түнгі сағат екі шамасында Ақын Сара мен Ақсай көшелерінің қиылысында орналасқан №7 бақылау-өткізу бекетінде қоқыс таситын көлік тексерілді. Тізгінде 1994 жылы туған Л. есімді азамат болған. Қасында жолаушы ретінде Алматы облысының 19 жастағы тұрғыны отырғаны анықталды.

"Жүргізуші бұл қадамға ақша үшін барғаны түсінікті. Бірақ әрекеті сәтсіз аяқталды: екеуі де ұсталды. Жүргізуші мен жолаушыының үстінен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы бойынша құқық бұзушылық негізінде әкімшілік іс қозғалды. Азаматтарға тағы да төтенше жағдай ережелерін қатаң сақтауды ескерту қажет. Бұл нормаларды елемегендерге кем дегенде 10 АЕК мөлшерінде айыппұл белгіленеді, болмаса 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін”, – деп хабарлайды Алатау аудандық полиция басқармасының басшысы Ұлан Әбілқайыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети