Алматыда ескі көліктерге шектеу қою ұсынылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Алматыда ескі көліктердің қозғалысын шектеуі мүмкін. Мұндай ұсыныс қаладағы атмосфералық ауаның сапасын жақсарту мәселесіне арналған қоғамдық кеңестің отырысында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда ескі көліктердің қозғалысын шектеуі мүмкін. Мұндай ұсыныс қаладағы атмосфералық ауаның сапасын жақсарту мәселесіне арналған қоғамдық кеңестің отырысында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кездесудің басты тақырыбы – қоғамды ауа сапасын жақсартуға бағытталған шешімдерге тарту болды. Сонымен қатар, қала тұрғындарының экологиялық проблемалар туралы хабардарлығын арттыру және оларды шешу жолдары талқыланған.

2024 жылғы зерттеу деректері бойынша, Алматыдағы ауаны негізгі ластаушы – автокөлік, оның үлесі жалпы шығарындылардың 60 пайызы болады. Жылына 189 мың тонна ластаушы заттардың 112 мың тоннасы автокөліктер, 52 мың тоннасы өнеркәсіптік кәсіпорындар, ал қалған бөлігі жеке үйлер мен шағын бизнестің үлесіне келеді.

Almaty Air Initiative қорының жобалар менеджері Равкат Мұхтаровтың айтуынша, Алматыдағы ластаушы заттардың деңгейі рұқсат етілген нормадан орта есеппен 4,8 есеге жоғары.

Көлік инфрақұрылымы жөніндегі сарапшы Елена Ерзакович қоғамдық көлікті дамыту жұмыстарын күшейту қажеттігін айтты. Атап айтқанда, автобус жолақтарын көбейту және төмен шығарындылы аймақтарын енгізу маңызды. Сондай-ақ, автотұрақ кеңістігін дамыту ауа сапасын жақсартуға ықпал ететінін айтты.

Алматы мәслихатының депутаты Бейбіт Әпсенбетов "ауа мәселесі – өмірлік мәселе" екенін, сондықтан қала билігі қала жолдарындағы ескі көліктердің санын қысқарту бойынша кешенді шараларды шұғыл түрде жүзеге асыруға кірісуі керек екенін айтты.

Отырыстың қорытындысы бойынша мынадай шаралар ұсынылды:

  • Евро 0–4 экологиялық санаттағы автокөліктерді пайдалануды шектей отырып, төмен шығарындылы аймақтарды құру;
  • Қоршаған ортаға әсеріне қарай экологиялық таза аймақтарға кіруге ақы енгізу;
  • Қатты отынмен жұмыс істейтін қоғамдық тамақтану орындарында су сүзгілерін орнату талаптарын қатаңдату;
  • Жеке тұрғын үйлерді газдандыруды аяқтап, 86 қоғамдық және 12 316 жеке моншаны газға көшіру;
  • Көліктердің техникалық байқау бекеттеріне бақылауды күшейту. Қазіргі уақытта Алматыда 138 техникалық байқау бекеті бар, олардың 80-ге жуығы заң талаптарына сай келмейді.

Сонымен қатар, III және IV санаттағы өнеркәсіптік нысандарға қосымша экологиялық талаптар енгізу ұсынылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 504.72  course up  546.79  course up  5.9  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer