08 қазан 2021 13:12

Алматыда Eta штамы табылған жоқ

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Алихан Сариев Фото Tengrinews.kz/Алихан Сариев

Алматыда Eta штамы табылған жоқ. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда Eta штамы табылған жоқ. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тамыз айында коронавирусты тексерген 30 сынаманың нәтижесі қалада Eta коронавирусының жоқтығын көрсетті.

7 қазанда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Жандарбек Бекшин қалада қазір қандай штамдар тіркелгенін айтты.

Біздің тұрақты сынамалар "нью-йорк" штамын бір үлгіде, "оңтүстік африка" штамын екі үлгіде көрсетті. Көктемде қаладағы коронавирустың үшінші толқынының 78 пайызы "британдық" штамнан туындады. Төртінші толқын - "дельта" штамының әсерінен болды. Қала тұрғындары зертханалық мәліметтер бойынша 88 пайыз және клиникалық мәліметтерге сәйкес  95 пайыз "дельта" штамын жұқтырған. Біз жаңа зерттеулер жүргізіп жатырмыз және аптаның соңына қарай нәтиже белгілі болады", - деді Бекшин.

Бұған дейін қаланың бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин науқастардың 90 пайызы "дельта" штамын жұқтырғанын, ал аз бөлігінде дәрігерлер "британдық" және "ухань" штамдарын анықтағанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети