20 қазан 2014 19:57

Алматыда Хайдар Арыстанбековке ескерткіш тақта орнатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

СТВ арнасының бейне кадры. СТВ арнасының бейне кадры.

Алматыда мемлекет және қоғам қайраткері Хайдар Арыстанбековке ескерткіш тақта орнатылды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасы. 


Алматыда мемлекет және қоғам қайраткері Хайдар Арыстанбековке ескерткіш тақта орнатылды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасы. 

Ескерткіш тақта ғалымның ұзақ жылдардан бері тұрған үйінің қабырғасына орнатылды. Салтанатты шараны Хайдар Арыстанбековтың ең танымал студенттерінің бірі - Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов ашты. Осылайша академик тұрған үй енді мұражайға айналады. 

"Ол бізге әрқашан командир-әке болды. Себебі ол әрбір студентке тілектес болды, барлығына бірдей білім беру үшін барын салды. Ол студенттердің шәкіртақы алуына, ректорлық қордан көмек алуына жәрдем етті. Студенттердің терең білім алуына ықпал етті. Қазір оның шәкірттерінің көбі жоғарғы қызметте жүр", - деді мемлекет және қоғам қайраткері Сергей Терещенко. 

Бұдан былай Хайдар Арыстанбековтың мұражайға айналған пәтерін әркім келіп, көре алады. Мұнда қонақтар академиктің барлық өмір жолымен таныса алады. "Ол бұл үйде ғылыми еңбегін жазды, өзінің жұмыс күнін жоспарлады. Осы үйде әріптестерін қабылдап, тіпті студенттерін де шақырды", - деді Хайдар Арыстанбековтың қызы Зарема ескерткіш тақтаның ашылу салтанатында. 

Мемлекет және қоғам қайраткері Хайдар Арыстанбеков 1919 жылы Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтының агроном факультетін тәмамдаған. Ол еңбек жолын қатардағы агроном болып бастап, министр лауазымына дейін көтерілді. Әр жылдары мақта өндіру министрінің орынбасары, Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрі болып қызмет етті. Хайдар Арыстанбеков аграрлы ғылымның дамуына зор үлес қосты. Ескерткіш тақта орнатылған мемлекет және қоғам қайраткерінің мұражай-үйі Уәлиханов көшесі 128, Құрманғазы көшесінің қиылысында орналасқан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети