Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылады 09 маусым 2023, 09:05

Алматының "Қайрат" шағынауданында жаңа автобус бағыты іске қосылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің телеграм-арнасына сілтеме
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Алматының "Қайрат" шағынауданында жаңа автобус бағыты іске қосылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің телеграм-арнасына сілтеме жасап.

"Қайрат" шағынауданынан "Райымбек" метро бекетіне дейін жаңа автобус бағытын іске қосу жоспарланып отыр.

Алматы әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесуде, қоғамдық көлікті дамыту – әкімдік үшін басты міндеттің бірі екенін атап өтті. Биыл Түрксіб ауданы тұрғындарының өтініші бойынша №50, 10, 227 бағыттар 45 автобусқа жаңартылды. Сонымен қатар, тағы 12 маршруттың жылжымалы құрамы жаңартылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram