28 наурыз 2020 14:31

Алматыда жаңадан қауіпті инфекция анықталған адамдардың көбі Ресейден келген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Tengrinews.kz/Алихан Сариев Сурет: Tengrinews.kz/Алихан Сариев

Қазіргі уақытта Алматыда коронавирус індетін жұқтырған 10 оқиға анықталып, расталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Қазіргі уақытта Алматыда коронавирус індетін жұқтырған 10 оқиға анықталып, расталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бүгінгі күнге дейін 58 жағдай тіркелсе, оның екеуі емделіп шықты. Қазіргі уақытта қаладағы жұқпалы аурулар стационарында 56 науқас бар, соның екеуі бала.

"Жаңадан анықталған 10 науқастың бесеуі 27 наурызда Санкт-Петербор – Алматы рейсімен, біреуі 26 наурызда Стамбул – Алматы, ал қалған екеуі Мәскеу – Алматы рейсімен ұшып келген. Тағы екеуі індет жұқтырушылармен байланыста болған.
Барлық науқастардың жағдайы қанағаттанарлық", - делінген хабарламада.

Жалпы, бүгінде ем-дом қабылдап жатқан 51 науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Тек бір ересек науқастың жағдайы ауыр бағаланса, төрт емделуші орташа дәрежеде, оның ішінде бала да бар.

Провизорлық орталықтарда 854 адам бар, оның 86-сы бала. Үй карантинінде 2037 адам жатыр.

Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандарың саны 200-ден асты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети